• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Мамыр, 2022

Елордада жалған ақша жасаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

516 рет
көрсетілді

Елордада жалған ақша жасаған бір топ адамға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті 54 850 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша ұстаған және сатқан бір топ адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Жасанды банкноттарды елорданың валюта айырбастау пункттері, банкоматтар арқылы жеке есепшоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы айналымға тартқан. Сот үкімімен азаматтар Жомарт, Чекиев, Иманбаев, Төлеутай шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада.

Осыған орай Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және бейтаныс адамдардан шетел валютасын сатып алмауға шақырды.

«Жалған ақша белгілері анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарласыңыз. Жасанды банкнот екенін анықтау қылмыс болып табылмайды. Алайда жалған ақша белгілерін сату және оларды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», деді агенттіктен.