• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Мамыр, 2022

Малиде 3 айда 600 бейбіт тұрғын қаза тапты

218 рет
көрсетілді

Малиде қаңтардың басынан наурыздың аяғына дейін лаңкестік топтар мен қауіпсіздік күштерінің қолынан 600-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қаржылық тұрақтылық миссиясы (MINUSMA) әзірлеген баяндамада аймақтағы қауіпсіздік жағдайының бірте-бірте нашарлағаны, адам құқықтарының бұзылуының алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 есе өскені атап өтілді.

Мәлімет жылдың алғашқы үш айындағы деректер негізінде жазылған. Үш айлық есеп беру кезеңінде Мали армиясының 320 рет адам құқықтарын бұзуға жол бергені анықталған. Өткен жылдың осы кезеңінде мұнда 31 оқиға тіркелген.

Хабарламада Моура ауылында армия мен Вагнер ПМК жалдамалыларының 300 бейбіт тұрғынды өлтіргені жазылған. 

Баяндамада Малиде үш айда 384 бейбіт тұрғынның Әл-Қаида мен ДАИШ-пен байланысы бар топтардың қолынан қаза тапқаны атап көрсетілді. Ал шетелдік топтардың қолдауымен қауіпсіздік күштері 249 бейбіт тұрғынды өлтірген.