• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Маусым, 2022

Өткен жылы ішкі туристер саны 50% өсті

246 рет
көрсетілді

Өткен жылы Қазақстанда ішкі туристер көбейіп, шетелдік туристер азайған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«2021 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 50% өсті. Бұл – 6,9 млн адам. Аталған көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда шамамен 300 мың адамға жоғары. Сонымен қатар 2021 жылдың қорытындысы бойынша шетелдік туристер саны азайды, бұның себебін карантиндік шаралар мен сыртқы шекаралардың жабық болуымен байланыстырамыз», деді Д. Абаев Үкімет отысында.

Ұлттық саябақтарға келушілердің де саны артты. Іле-Алатауы (212 мыңнан 430 мыңға дейін), Көлсай (83 мыңнан 160 мыңға дейін), Шарын (16 мыңнан 35 мыңға дейін) сияқты ұлттық парктерге келушілер санының еселеп өсуі ерекше байқалады.

«2020 жылмен салыстырғанда орналастыру орындарының саны 172 данаға артып, 3 686 қонақүйді қамтыды. Нөмірлік қор өсіп, 193 мың төсек-орынға жетті. Бір ғана Түркістан облысында 40 қонақ үй ашылған. Негізгі өсу ішкі туристер санының артуымен байланысты болып отыр. Мысалы, Ақмола облысында көрсетілетін қызметтер көлемі 3 млрд теңгеге жуық, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 2 млрд теңгеге, Шымкент қаласында 1 млрд теңгеге өскен», деді Дәурен Абаев.

Аяна Тоғанбек