• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Маусым, 2022

Саяси бейтараптылық – Миссияның қағидаты

173 рет
көрсетілді

Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД байқаушылар Миссиясының басшысы Леонид Анфимовпен кездесті. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге Орталық референ­дум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман, сондай-ақ ТМД-дан байқау­шылар Миссиясы штабының жетекшісі Олег Кулеба қатысты.

Нұрлан Әбдіров Нұр-Сұлтан қала­сына келген ТМД байқаушылары мис­сиясының басшысына ілтипат білдіріп, референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырып өтті.

Леонид Анфимов Миссия 2022 жылғы 21 мамырда жұмысқа кіріс­кенін және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде саяси бейтараптық, референдум барысына және мемлекеттің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына негіздейтінін атап өтті.

ТМД-дан байқаушылар Миссия­сының құрамына ТМД-ға қатысу­шы мемлекеттердің, Достастықтың Парламентаралық Ассамблеясының, Беларусь және Ресей Одағының Пар­ла­менттік Жиналысының, ҰҚШҰ Пар­ламенттік Ассамблеясының және ТМД Атқару комитетінің өкілдерінен 144 байқаушы кірді.