Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде маймылшешегінің 550-ден астам жағдайы тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, ауру жұқтырған елдерде бақылауды күшейту керек.
Сондай-ақ маймыл шешегіне шалдығушымен тығыз физикалық қарым-қатынаста болған кез келген адам оны жұқтыруы мүмкін екендігін атап өтті.
«Қазіргі уақытта ДДҰ-на 30 елден 550-ден аса расталған жағдай туралы ақпарат келіп түсті», делінген ұйымның сайтында.
Аяна Тоғанбек