• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2022

Түркістанда мас жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

356 рет
көрсетілді

Түркістан облысында мас халде көлік айдаған жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төлеби ауданының полицейлері түнгі қауіпсіздікті сақтау мақсатында рейдтік шара жүргізді. Нәтижесінде, полиция қызметкерлері Оңтүстік ауылына баратын тас жолдың бойында түнгі сағат 02:45 шамасында Toyota Carina автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның Ақтау қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

Полицейлер оның мас күйіне күмән келтіріп, оған медициналық сараптама тағайындады. Зерттеу қорытындысына сәйкес, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды.

Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеп, аудандық сотқа жолдады.

Төлеби аудандық сотының шешіміне сәйкес, жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Аяна Тоғанбек