• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Тағайындау 03 Маусым, 2022

Вице-министр Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының қаулысына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалсын», делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Зүлфия Сүлейменова 2020-2021 жылдары -  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтар 2022 жылғы наурыз аралығында VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Соңғы жаңалықтар