• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2022

Семейде екі адамды өрттен құтқарған көпбалалы әке марапатталды

269 рет
көрсетілді

Семей қаласында екі адамды өрттен құтқарып қалған азамат марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Семейдегі Достоевский көшесінде орналасқан дәмхананың ас бөлмесінде өрт шыққан. Қызыл жалын төбе жабынын, терезе және есік блоктарын, тұрмыстық техника мен жеке заттарды шарпыды.

Өртті бірінші болып жақын жерде тұратын Дәурен Жанбаев байқаған. Бірден өрт сөндірушілерге хабар берген ол сол жерге барып, дәмхананың екі қызметкерін сыртқа алып шығыпты.

«Осы сын сағатта Дәурен өз өмірін қатерге тікті. Батылдығының арқасында екі адамды құтқарып қалды. Кейін сол жерге келген өрт сөндірушілер дәмхана ішінен төрт газ баллонын алып шықты», делінген ақпаратта.

Бейбіт күннің батырына Семей қалалық ТЖБ басшылығы атынан Алғыс хат берілді.

Айта кетейік, қала мектептерінің бірінде директордың орынбасары болып жұмыс істейтін ер адам 5 бала тәрбиелеп отыр.