• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Маусым, 2022

Елімізде табиғи газға деген қызығушылық артып отыр

371 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде табиғи газға деген қызығушылық артып отыр. Сондықтан Мәжілісте газ саласын дамыту жайлы тақырып қозғалды. Үкімет сағатында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева елдегі газ саласын дамыту қажеттілігін атап көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Газ саласы – мемлекеттік бюджетті толықтыру көздерінің бірі. Осыған орай экономика мен әлеуметтік салада маңызды стратегиялық мәні бар екені түсінікті. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде тиімді энергетикалық ресурс және аса құнды энергетикалық шикізат ретінде табиғи газға деген қызығушылық артып отыр», деп атап өтті депутат.

Балайым Кесебаева атап өткендей, неғұрлым экологиялық таза отын ретінде де табиғи газ еліміздің отын энергетикалық теңгерімінің құрылымында үстемдікке ие.

«Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты – газ саласының қазіргі жай-күйін талдау. Оның ішінде өңірлерді газбен қамтамасыз етудегі негізгі проблемалар мен тәуекелдерді айқындау. Оларды шешу жөніндегі шаралар мен ұсынымдар дайындалады. Қазіргі уақытта газ саласын дамытуды жоспарлаудың жүйелі тәсілін қолдану аса өзекті болып отыр. Бұл тәуекелдерді азайтып, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді», дейді Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Үкімет сағатында.

Мәжіліс депутаты Үкімет елдің газ саласын тиімді дамытуды қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігін мәлімдеді.

Аружан Амангелді