Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Конституциялық түзетулер бойынша референдум өтті. Орталық референдум комиссиясы жариялаған алдын-ала мәліметтер бойынша азаматтардың референдумға қатысуы 68,06%-ды құрады. Осылайша қазақстандықтардың 77,18%-ы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қолдап отыр. Конституциялық реформаға қатысу көрсеткішінің жоғары нәтижесі қоғамдық тұтастықтың жаңа деңгейін көрсетіп отыр.
Референдум нәтижесі билік пен қоғамның одан әрі даму перспективаларына қатысты түсініктің біртұтастығын көрсетеді. Бұл президенттік реформаларды жүзеге асыруда қоғамдық қолдаудың нақты көрінісін білдіреді», деп жазды Е. Қарин.