• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2022

Алматы көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

186 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 маусымда сағат 08.00 мен кешкі сағат 19.00 аралығында ескі тасжол жабынын алу үшін Сайын - Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік-батыс бөлігіндегі көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Жаңа жабынды төсеу үшін Сайын - Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрықтың батыс бөлігі 6 маусымда сағат 22.00 мен 07.00 аралығында ішінара, ал 7 маусымда сағат 22.00 мен 8 маусымда сағат 06.00 аралығында толық жабылады.

Бұл жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған.