Әлем 07 Маусым, 2022

Мексикада қайық аударылып, 8 адам қаза тапты

401 рет
көрсетілді

Мексиканың солтүстік-батысындағы Сонора штатының жағалауында шағын қайық аударылып, кем дегенде 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Мексиканың азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері 11 адамды құтқарып қалған. Жоғалған бір адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.