• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Маусым, 2022

Иранда рельстен шығып кеткен пойыз 13 адамның өмірін қиды

153 рет
көрсетілді

Иранда Мешхедтен Йездке дейінгі жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен. Оқиға салдарынан 13 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнында 50 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды, оның 12-сі ауыр халде. ТАСС мәліметінше, оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер бригадалары жұмыс істеп жатыр.

Қазір апаттың нақты себептері анықталуда. Жергілікті биліктің айтуынша, зардап шеккендердің тізімі әлі де артуы мүмкін.