Нигерияның Замфара штатындағы ауылдың 20 адамын содырлар ұрлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олардың арасында балалар да бар.
Замфара провинциясының баспасөз хатшысы Абу-Белло Фурфури жергілікті БАҚ-қа берген мәлімдемесінде белгісіз біреулер Кадуна штатындағы Бунгуду ауылына шабуыл жасағанын айтты. Басқа зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.
Фурфури ұрланғандарды іздеу-құтқару операциясы басталғанын айтты.
Айта кетсек, 8 мамырда содырлар Замфара провинциясында 48 адамды өлтіріп кеткен.