АҚТАУ. 22 сәуір. Маңғыстау облысының Шетпе кентінде бір адам өзінің бір жарым жасар ұл баласын көлігімен басып кетіп, өлтіріп алды. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.
Шетін оқиға осыдан бірер күн бұрын тіркеліпті. 25 жастағы жүргізуші өз ауласында «Toyota RAV4» маркалы көлігін кері қозғалтамын деп жатып, баласын байқамай жаншып өтеді. Ауыр жарақат алған сәбиді ауруханаға жеткізбек болғанымен, ол жол үстінде жантәсілім етіп кеткен.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: Lada.kz.
Фото: Drom.ru.