Испания билігі таулы аймақтағы орман өртінен кейін қала тұрғындарын эвакуациялауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сәрсенбі күні Испанияның оңтүстігіндегі таулы аймақта өрт шығып, 3 өрт сөндіруші зардап шеккен. Жапа шегушінің денесінің 25% -ын күйік шалған. Бенахавис қаласы сақтық шарасы ретінде 9 мың тұрғынды эвакуациялауды сұрады.
Армия 200-ден астам жергілікті өрт сөндірушілерге көмек көрсету үшін төтенше жағдай бөлімін жіберді. Оларға ұшақтар мен тікұшақтар қолдау көрсетті.
«Үш өрт сөндірушінің жарақат алғаны жаныма батты. Біз оларға барынша қолдау көрсетеміз. Олардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», деді Андалусия аймағының басшысы Хуан Мануэль Морено.
Гүлдана Елубай