• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Маусым, 2022

Павлодарда қызмет бабын асыра пайдаланған түрме қызметкеріне сот үкімі шықты

307 рет
көрсетілді

Павлодарда №2 қалалық сотымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, айыпталушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған адамның жазасын өтеу режимін жеңілдеткені және шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға жеке қамқорлығы үшін  400 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын алдау жолымен иемденген. 

«Сот жарыссөздерінде прокурор айыпталушыны қылмыстардың жиынтығы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындауды, ал жәбірленуші айыпталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сондай-ақ айыпталушы да кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмауды өтінді», дейді баспасөз қызметінде. 

Мұндай әрекет үшін заңда айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айыпталушы бұрын сотталмаған, өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді және жәбірленушіге 400 мың теңге көлемінде ақшасын өтеген. Асырауында үш жас баласы бар.

Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, кішкентай балаларының болуын және жәбірленушіге келтірілген залалды өтеуді ескере отырып, сот  айыпталушыға қылмыстар жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны 3 жыл 6 ай мерзімге тағайындады.

Сондай-ақ айыпталушы «Әділет подполковнигі» арнаулы атағынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.