Семей қаласында жыл басынан бері 64 жол апаты тіркеліп, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері шаһар бойынша 64 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 5 адам көз жұмып, 90 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алды.
«Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты рұқсат етілген шектен асыруы, көлікті мас күйде тізгіндеу, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығу. Тұрғындардың ақауы бар көлікті жүргізуі де жол апаттарына әкеліп соғып жатады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің ережелерді сақтамауы салдарынан болатын оқыс оқиғалар жиілеп кетті», делінген ақпаратта.
Осы ретте, тәртіп сақшылары жұртшылыққа жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолда әрдайым абай болу қажеттігін ескертеді.