Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының мәліметінше, Ерасыл Омаров 55 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.
Ерасыл қоссайыс қорытындысында 224 килограмм (100+124) жинады. Бұл салмақта үндістандық Гурунаиду Санапатхи (104+126) әлем чемпионы атанса, Сауд Арабиясының өкілі Калитит Али Маджит (105+124) күміс медальді олжалады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Александра Беленко үздік үштікке ілінген еді.