• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2014

Қарағандыда үй салушылардың жанжалы өршіп барады

376 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 23 сәуір. Қарағандыда Өңірлік даму министрлігі мен жергілікті үй салушылардың арасында дау-дамай толастамай тұр. Қазіргі кезде өрши түскен жанжалдың туындауына құрылыс жұмыстарын жүргізушілердің тарапынан болып жатқан өрескел қателіктер себеп болуда. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады. Өңірлік даму министрлігі Қарағанды қаласы аумағында жаңадан бой көтеріп жатқан «Шапағат» шағын ауданының келешегіне күмәнмен қарауда. Өйткені, «Шапағат» осыдан біраз уақыт бұрын опырылып түскен «Бесоба» тұрғын үй кешенінің орнына тұрғызыл жатыр. Министрлік өкілдері бұл шағын аудан аты кеңге жайылған «Бесобаның» күйін кешуі әбден мүмкін деп отыр. Сондай-ақ, талапқа сай емес, сапасыз деп есептелінген бірнеше үйлердің тізіміне «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыстар да енген. Құрылыс істері жөніндегі комитет пен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мамандары өткен ақпан айынан бері «Шапағат» шағын ауданындағы тұрғызылып жатқан үйлерге тексеру жүргізгенде, цемент блоктардың тым нашар екенін, әлден майысып тұрғанын көрген. Бұған қоса, бақылаушылар қабырғаларды өруге күйген кірпішті емес, арзан, сапасыз шлакоблоктардың пайдаланылғанын анықтаған. Сонымен қатар үй салушылар бірқатар техникалық қажеттіліктерді ескермеген. Өңірлік даму министрлігінің мамандары, әсіресе, бюджеттің 700 млн. теңгесіне салынып жатқан көп қабатты екі үйдің құрылысын қатты сынауда. Мұның біреуін қайтадан демонтаж жасау керек көрінеді. Өйткені, оның монолит ұстындары өз орнынан шамадан тыс ауытқыған. Мамандардың айтуынша, егер, құрылыс істері осылай жалғаса берсе, бұл үй құлау қаупі басым үйлер қатарына жатқызылуы мүмкін. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Экспресс К». Фото: azattyg.org.