Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Адам Смит институты 17-18 маусым күндері Астанада Инвестициялық форум өткізеді. Бұл туралы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады
Елшілік өкілі Нұрғали Арыстановтың айтуынша, Адам Смит институты мен «Қазагро» Ұлттық басқару холдингінің Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен өткізілетін форумының мақсаты еліміздің ауыл шаруашылығы секторына инвестиция тарту болмақ.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың салааралық «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттіктерін жоғарылатуда мәні бар бұл форумның маңызды спикерлері Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ төрағасы Ғұмар Рахымжанов, «ҚазАгро» төрағасы Дулат Айтжанов болады деп күтілуде. Сонымен бірге, Адам Смит институтынан 15 жыл бойына сарапшылар тобына табысты жетекшілік етуші, бас сарапшы Алан Бульон баяндама жасайды.
Анар Төлеуханқызы.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: kapital.kz.