• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2014

«ҚазАгро» көктемгі науқанға 61,1 млрд. теңге бөледі

259 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 сәуір. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі биылғы жылдың көктемгі егіс жұмыстарына  61,6 млрд.теңге бағыттауды жоспарлап отыр, оның 40 млрд.теңгесі бюджеттік несие. Бұл туралы NewsKaz.kz хабарлады. Жалпы, 2014 жылы несиелер егіс шаруашылығына еншілес компаниялар арқылы, дәлірегі, өткен жылдағы ұқсас несиелік өнімдер бойынша беріледі. Сонымен қатар, «ҚазАгро» алғаш рет көктемгі науқандық жұмыстарды екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырмақ. Бұл мақстаттарға бюджеттік несие қаражатынан 20 млрд.теңге қаралуда. Егін егуге арналған несиелік қаражаттың бұл жаңа көзі «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес, шаруалардың қаржылануға қолжетімділігін арттыру мақсатында қосылды. Жалпы, Ұлттық холдингтен егін жұмыстарына бөлінген қаражат 6,1 млн.гектар жерге агротехникалық шараларды жүргізуге мүмкіндік береді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Newskaz.kz. Фото: Kaf.kz.