• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Маусым, 2022

Шілдеде Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

509 рет
көрсетілді

Шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Алдағы шілде айында Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Сондай-ақ инфляция мен инвестициялар мәселелері көтеріледі. Барлық министрлер мен әкімдер осы отырысқа дайындалуы керек. Алты айдың қорытындысын біз үш жаңа облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша көрініспен жасаймыз», деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.

Аяна Тоғанбек