Шымкентте майнингтік фермадан 44 миллион теңгенің затын ұрлап кеткендер жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Qazaqstan» телеарнасы қарақшылық жасаған үш адамның 5 жыл мерзімге сотталғаны жайлы ақпарат таратты.
Тергеу барысында белгілі болғандай олар ферманың қоршауын бұзып өтіп, криптовалюталарды жинауға арналған 46 жабдықты бөлшектеп алып шыққан. Алайда, көп ұзамай бейнебақылау камерасына түсіп қалған көлігі арқылы табылды. Қылмыстық топтың бір мүшесі майнингтік фермаға бұған дейін электрик ретінде барғаны және дәл осы азаматтың қылмысты ұйымдастырғаны белгілі болды. Күдіктілер кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген залалды өтеп берді.
Ал майнингтік ферманы жүргізу дерегі бойынша материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.