• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2022

Жамбылда жүк көлігі 10 автокөлікті қағып кетті

387 рет
көрсетілді

Бүгін таңғы сағат 03:00-де Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолының 544-шақырымында келе жатқан «Скания» жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт жол қозғалысына кедергі келтіргендіктен, автокөліктер тоқтатылған.

«Артынша сағат 03:40 кезінде жанып жатқан тіркемеге 550-600 метр жетпей, DAF жүк көлігі жолда бір бағытта тоқтап тұрған 10 көлікті қағып кетті. Оның ішінде екі жолаушылар автобусы, екі «Тойота Камри», «Ауди 100», «Шевроле Кобальт», «Даймлер Крайслер», BMW X5, «Тойота Альфард», «Audi 80» жеңіл көліктері болды. Соқтығыс салдарынан 4 автокөлік өртеніп кеткен. «Тойота Камри» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы 9 адам түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде 3 адам реанимация бөліміне жатқызылды», деді ведомство өкілі.

Аталған факт бойынша ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы 12 адамның зардап шеккенін хабарлады. Оның екеуі жолда өтіп бара жатқан автокөлікпен Жуалы аудандық ауруханасына, 10-ы Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына жатқызылды.

«Жуалы аудандық орталық ауруханасының жеткізілген 2 адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал қалалық көпбейінді ауруханасына түскен 10 адамның 3-еуі Өзбекстан азаматтары. Зардап шеккендердің ішінен 5 науқас ауруханаға жатқызылды. 4-еуі – реанимация бөлімшесіне, 1 азамат – травмотология бөлімшесіне жіберілді. 5 науқас амбулаторлық ем қабылдауға үйлеріне қайтарылды», деді басқарманың баспасөз қызметкері Толқын Өмірбаева.