Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның жиналысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Премьер-Министр аталған шаралардың экономикаға әсерін бағалау үшін тікелей тексерістерден өткізілуін тапсырды. Сонымен қатар отырыс барысында электр энергиясы мен телекоммуникация ұсыныстары қарастырылды.
Байланыс нарығын демонополизациядандыру жөнінде ұялы байланыс саласындағы ірі операторлардың үлесін төмендету туралы пікір айтылды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктің ұсыныстары қаралды.
Премьер-Министр аталған шаралардың экономикаға ықтимал әсерін бағалау үшін сараптамалық деңгейде айтылған тәсілдерді қарастыруды тапсырды.
Асемай Ерланқызы