• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Пікір 17 Маусым, 2022

Жаңа Қазақстанның жаңа бағыттары белгіленді

301 рет
көрсетілді

5 маусымда өткен референдумнан кейін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысының Ұлытауда ұйымдастырылуының үлкен тарихи символикалық мәні бар деп есептеймін.

Елдің басын біріктірген алқалы отырыста үлкен идеялар, маңызды пікірлер айтылды. Ел басына күн туғанда ата-бабамыз осы жерге жиналып, елдік мәселелерді шешкен. Тіпті геосаяси мәселелерді де күн тәртібіне шығарған деп айтуға болады. Алтын Орданың құрылуына себепші болған да осындай құрылтай. Тарихтан белгілі, Ұлытау – «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қалыптасқан киелі мекен. Осы тұрғыдан алып қарағанда Ұлттық құрылтайдың Ұлытаудан бастау алуының тарихи мәні зор, маңызы ерекше. Осы жерде Жаңа Қазақстанның жаңа бағыттары, тың бастамалары шешімін табады деп сенемін.

 

Еділ ЖАҢБЫРШИН,

Мәжіліс депутаты