• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2022

Сырдариядағы мемлекетаралық гидроқұрылыстар автоматтандырылады

358 рет
көрсетілді

Бұл туралы Экология, геология жәна табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев парламенттік тыңдауда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Арал-Сырдария бассейні бойынша, Орталық Азияның су реттеу консорциумын құру жұмысы жүріп жатыр. Бұл жоба бүкіл елдердің мүддесін сақтап, энергетика, суармалы егіншілік және Арал экологиялық мәселесін тиімді шешуге бағытталған», деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша Орталық Азия елдерінің арасында суды әділетті бөлу бойынша біршама өзара түсіністік бар.

«Суды әділ бөлу үшін Сырдария су шаруашылығы балансы әзірленіп, мемлекетаралық гидроқұрылыстар автоматтанады», деді министр.