• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығы №336-нқ

252 рет
көрсетілді

2013 жылғы 7 қараша  Астана қаласы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы №651 жарлығының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы №943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағы 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті: 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін; 2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін белгіленген тәртіппен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Заң департаментіне ұсынсын; 3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға                  М.ОСПАНОВ.

 

Қазақстан Республикасы  Табиғи монополияларды  реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 7 қарашадағы №336-нқ  бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары

1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі туралы» (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет саласында және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама) сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен оның аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілері (бұдан әрі – Агенттіктің мемлекеттік қызметшілері) өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруы барысында әріптестерімен және азаматтармен өзара қарым - қатынас кезінде мінез-құлқының негізгі нормаларын айқындайды. 3. Агенттіктің мемлекеттік қызметшілер өзінің қызметінде: 1) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алғаны; 2) адалдық, тәртіп, жауапкершілік, белсенділік, бастамашылық танытуға және келіссөздер (кездесулер) барысында басқа тұлғаларға шыдамдылық, сыпайылық, әдептілік және құрмет көрсеткені; 3) тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне және өзге де жағдайларға қарамастан адам мен азаматтың ары мен намысын құрметтегені; 4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарағаны; 5) адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытқаны; 6) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдаланғаны; 7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда ұтымды, тиімді және қызметтік мақсатта ғана пайдаланғаны; 8) өз міндеттерін тиісті дәрежеде орындауға, нақты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жұмысты ұйымдастырғаны және жоспарлағаны; 9) жұмыс уақытын тиімді пайдалануға және басқа мемлекеттік қызметшілерге ұжымда өздерінің еңбек міндеттерін орындауына кедергі келтіретін іс-қимылдардан аулақ болғаны; 10) қызметтік дәреже сатысын сақтағаны; 11) мүдделер шиеленісінің алдын алу және реттеу бойынша шаралар қабылдағаны; 12) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстанғаны; 13) өзінің қызметтік міндеттемелерін орындаған кезде, мемлекеттік қызметшілердің бастамашылығын қолдауға және көтермелегені; 14) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырғаны; 15) Ар-намыс кодексінде белгіленген сыбайлас жемқорлық тәртібін сақтағаны жөн. 4. Агенттіктің мемлекеттік қызметшісі мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол: 1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе; 2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса; 3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды. 5. Агенттікте мемлекеттік қызмет және еңбек саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда кадрлық шешімдерді қабылдаған кезде мемлекеттік қызметшілерге кемсітудің кез-келген нысандарына, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік қызметшілерге тамыр-таныстық, артықшылықтар мен жеңілдіктер дің кез-келген нысанына жол берілмейді. 6. Агенттіктің мемлекеттік қызметшісі қызметтен тыс уақытта: 1) қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі; 2) қарапайымдылық танытуға және өзінің жеке өмірінде теріс қоғамдық пікір туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуі; 3) Агенттік мемлекеттік қызметшісінің жоғары атағына кір келтіруі мүмкін кез-келген жеке байланыстардан қашуы қажет. Қызметтен тыс қатынастарда Агенттіктің мемлекеттік қызметшілері осы Қағидалардың және мемлекеттік қызмет саласында және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманың талаптарын сақтағаны және Агенттіктің мемлекеттік қызметшісінің беделіне, намысына нұқсан келтіруі немесе оның ақиқаттығына, әділдігіне, объективтілігіне және әділ сыншылдығына күмән келтіруі мүмкіндіктерінен қашқаны жөн. 7. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілеріне тексерулерді жүзеге асыру кезінде Агенттіктің мемлекеттік қызметшісі: 1) Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерін әділ, объективті тексереді; 2) тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтайды; 3) тексеруге әсер етуі мүмкін табиғи монополиялар субъектілері мен реттелетін нарықтар өкілдерімен өзара қарым-қатынастан қашады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 06 желтоқсандағы  Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8936 болып енгізілді.