Пәкістан тұрғындарына енді шайды әдеттегіден аз ішуге тура келеді. Жергілікті биліктің пікірінше, осылайша халық ел экономикасына қолдау көрсете алады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Пәкістан - әлемде шайдың ең ірі импорттаушының бірі. Мәселен, былтыр бюджеттен оған 600 миллион доллар жұмсалыпты. Бұл сусынды тұтыну мөлшерін азайтудан бөлек билік қоғамдық тамақтану орындарының иелеріне электр қуатын үнемдеуге кеңес берді. Өйткені инфляцияның жылдық деңгейі 14 процентке жуықтаған. Салдарынан тұрмыстық тауарлар, киім-кешек, денсаулық сақтау қызметі, тіпті ішімдік пен шылым бағасы да күрт өскен. Мамырдан бері билік жанармай құнын екі рет көтерді.