Әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева Истборн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарысты екінші айналымнан бастаған Путинцева әлемнің 40-ракеткасы, испаниялық Сара Соррибес-Тормомен шеберлік байқасты. Тартысты өткен бірінші партияда Юлия таразы басын өзіне аудара білді – 7:5. Екінші сетте Юлия 4:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:1. Жарты сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, грекиялық Мария Саккари немесе дүниежүзілік рейтингте 36-орында тұрған украиналық Ангелина Калининаның біреуімен таласады.Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналымда рейтингте 114-сатыдағы тағы бір украиналық Леся Цуренкомен кездеседі.Ерлер арасында Истборн ATP 250 турнирінде Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Олар ұлыбританиялықтар Джулиан Кэш – Генри Паттенді 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтып, ширек финалға шықты. А.Недовесов пен А.Курешидің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Аяна Тоғанбек