Елорда маңындағы қамыс өртін сөндіруге МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Кеше сағат 15:03-те Қорғалжын тасжолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, қол жетімділігі қиын сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді. «Астана Орманы» МКК күшімен өрттің периметрі бойынша жер жыртылды.
Өрттің «Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне» таралу қаупі жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Сондай-ақ бүгін сағат 08:09-да Нұр-Сұлтан аэродромынан өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 тікұшағы ұшып кетті», делінген хабарламада.