• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Маусым, 2022

Балаларды қуантты

403 рет
көрсетілді

Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында үлкен іс тындырып отырған мекеменің бірі – Талдықорғандағы Оқушылар сарайы. Мұнда 8 бағыт бойынша 44 үйірме жұмыс істейді. Ал онда 2 200 бала түрлі бағытта тәлім алады.

Биылғы Балалар жылы­ның аясында осы Оқушылар сарайының тәлімгерлері ерекше сыйлыққа ие болды. Жақында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Оқушылар сарайына арнайы келіп, балалардың игілігі үшін микроавтобус сыйлады. Бұдан былай балалар түр­лі конкурсқа, жарысқа, экс­курсияға осы шағын автобустармен тасымалданады. Жә­не тура осындай құрмет Те­ке­лі қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер туризмі жә­не өлкетану орталығына да көрсе­тілді. Оларға да жаңа микро­авто­бустың кілті берілді.

– Мемлекет басшысының ше­шімімен биыл Балалар жы­лы жарияланды. Барлық жақ­сылықты, игілікті өздерің сияқты кішкентай балдырғандарға ұсы­намыз. Еліміз жаңа даму жолына бет алды. Жаңа Қазақстанды өркендететін өздеріңсіңдер. Оқушылар сарайында көптеген үйірмеге қатысасыңдар, Жетісу жерінің табиғаты көркем, баратын, көретін жерлері көп. Сондықтан біздің жеткіншектер Жетісудың әдемі жерлерін аралап, саяхат жасап, мәдениет мекемелеріне, театрлар мен спорт сарайларына баруы үшін микро­автобус сыйлауды жөн көрдік, – деді оқушылармен кезде­суде облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Мұнан кейін облыс басшы­сы Оқушылар сарайының жұмы­сымен танысты. Әкім 3D-мо­дельдеу мен робот құрастыру зерт­ханасында, үй шаруасына бейімдейтін шеберханада болып, мемлекет қайраткері Д.Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған музей бөлмесін, көркем­сурет, хореография және ІТ-клас­терін, планетарий залын аралап көрді. Сол сияқты кеме құрастыратын шеберхана, шахмат, тау туризмі, роботтехника кабинеттерінде болып, балалармен сөйлесті.

 

Жетісу облысы