Балаларға арналған спорт және шығармашылық үйірмелер саны қысқартылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Спорт түрлерінің саны 71 ден 30-ға дейін, шығармашылық үйірмелер 59-дан 30-ға дейін қысқарады. Қысқаша түсіндіріп өтейін. Алдымен біз қайталанатын спорт түрлерін топтастырдық. Мысалы, қазір онда үстел теннисі, көзі нашар көретін балаларға арналған үстел теннисі, тірек-қимыл жүйесі зақымданған балаларға арналған үстел теннисі және бейімделген теннис түрлері бар. Бұл секциялардың барлығы өз жұмысын жалғастыра береді. Тек бір ортақ атауға біріктіріледі», деді Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, жеңіл атлетикадағы жағдай да осыған ұқсас.
«Бірақ біз толық алып тастайтын спорт түрлері де бар. Оны өздеріңізге кейін хабарлаймыз», деді министр.
Аяна Тоғанбек