• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Теннис 23 Маусым, 2022

Александр Бублик Истборн турнирінің ширек финалына жолдама алды

193 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 86-орында тұрған аустралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасты. Бублик бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екіншісінде қарқынын үдете түсті – 6:2. Бір сағатқа созылған матч барысында Бублик 15 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. Қарсыласы эйспен де, брейкпен де көзге түсе алған жоқ. Александр жартылай финалға шығу үшін әлемнің 14-інші, осы жарыстың үшінші ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.

Аяна Тоғанбек