• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Маусым, 2022

Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды

260 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері бүгін елімізде қалыптасатын ауа сапасына болжам жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Алматы және Шымкент мегаполистерінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Басқа қалаларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Айта кетсек, Алматыда жағымсыз метеоахуал бірнеше күннен бері байқалып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлайды.