• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Маусым, 2022

БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды

210 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 маусым күні Орал-Атырау жолының 45-шақырымында болды.

Сағат 04.00-де 23 жастағы өзбекстандық азамат «DAEWOO NEXIA» автокөлігін айдап келе жатып, «ВАЗ-2110» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берген.

«Соның салдарынан «ВАЗ-2110« автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Оның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Түрлі жарақат алған 44 жастағы жолаушысы облыстық көпбейінді аурухананың травматология бөлімшесіне жатқызылды.

Осы аурухананың жансақтау бөлімшесіне түскен өзбекстандық жүргізуші 27 маусым күні көз жұмды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.