• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 28 Маусым, 2022

Доллар бағасы арзандады

152 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 маусым кешімен салыстырғанда 4,89 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456, 05 теңге болды.

Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,95 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 455,50 теңге, сатып алу – 460,50 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 450 теңгеден болса, сатып алу құны – 457,50 теңге.