Талдықорғанның Өтенай ауылдық округінен 12-13 шақырым қашықтықта Қаратал өзенінің жағасында белгісіз зат табылды. Бұл туралы Алматы облысы бойынша экология департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
А.Лучкин есімді азамат Алматы облысына келіп, видео түсіргеннен кейін Қаратал өзенінің жағасында тексеру жұмыстары басталды. Осы жылдың 27 маусымында ол облыстық экология департаментіне бейнежазба ұсынды.
Зертханалық-талдау мониторингі бөлімінің мамандары Қаратал өзенінің жағасынан су сынамасын алды. Сұйықтық мұнай тәрізді затқа ұқсады.
Полиция қызметкерлерімен бірлесіп кінәліні анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.