• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2014

80-ші көктем

452 рет
көрсетілді

Биыл елдегі еңселі оқу ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 80-ші көктемін Наурыз тойымен қарсы алды. Мерейлі көктем мерекесі ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың, арнайы құттықтап келген шетелдік қонақтардың және ақсақалдардың сөзінен соң, «Таза кампус» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінің және екінші «Аманат» кітабының тұсаукесеріне ұласты. Студенттер қалашығында өткен Наурыз биыл бар сән-салтанатымен есте қалатын болады. Бір деммен жұртты жалықтырмай өте шыққан мейрамда баршаны «Наурыз-думан» музыкалық-театрландырылған көрінісі күтіп тұрды. Онда ескі қала тұрғындары жасы мен қариясы Наурызды қарсы алып, мерекелеп жатты. Олар аса зор қуанышпен «Достық биін» билеп, қыздар мен жігіттер ән айтысқа түсіп, түрлі аспаптарда ойнап, мереке көркін қыздыра түсті. Қазақ халқының ұлттық «Келін түсіру», «Беташар», «Отқа май құю», «Тойбастар», «Бата беру» салт-дәстүрлері де өткізілді. Жалпыға ортақ мейрамның соңы «Қара жорға» биіне ұласты. Нағыз қазақы дәстүр сақталған шарада көздің жауын алатын, әсем 20 киіз үй тігіліп, мерекенің мейірін сезінген жұрт наурыз көже, бауырсақ, ұлттық тағамнан дәм татып, әсем әндер мен мың бұрала билеген бишілердің биін, сазды әндерін тыңдап, таңданып, ұлттық мейрамды ұлттық университетте қарсы алғандарына қуаныш білдірді. Осы орай­да қазақ қолөнер және зергерлік бұйым­дарынан көрме ұйымдастырылып, батыл және мықтылары ұлттық спорт ойындары бойынша спорттық жарыстарда сайысты. Наурыз тойына ҚазҰУ-дің 10 мыңдай оқытушылары мен сту­денттері, шетел дипломатиялық корпусы өкілдері, Алматыда тір­келген халықаралық ұйымдар мен дип­ло­матиялық миссиялар басшылары және Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, БАҚ басшылары, ҚазҰУ ардагерлер мен ақсақалдар кеңесі, студенттік қоғамдық ұйымдардың мүшелері де қатысты. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.