• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2022

Шымкентте ЖШС директоры 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді

226 рет
көрсетілді

ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деп мәлімдеді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Агенттік ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.