Көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың 80 жасын тойлау Түркиядан бастау алды. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірігіп ертең Анкарада халықаралық конференция мен концерт ұйымдастырады, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін Анкараның ең ірі екі ауданы Этимесгут пен Кечиореннің әкімдері Мұхтар ағамызға құрмет көрсетті.