Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет ауқымды концертін өткізеді. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Құрметті достар! 2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында «Stranger» атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін!», деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.