Қазақстанның жастары мен балаларының арасында домбыраға қызықпайтыны кемде-кем. Жыл сайын мыңдаған бала осы дәстүрлі халықтық музыкалық аспапта ойнайды.
Зерттеушілердің айтуынша, музыкалық аспапта ойнау – қолдың ұсақ моторикасын белсендіруге ықпал етіп қана қоймай, балалардың жан-жақты дамуына жағымды әсер етеді. Осыған орай Ұлттық домбыра күніне орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Оқушылар сарайымен бірігіп, ата-аналардың өтініші бойынша «Жанұя» әлеуметтік оңалту орталығындағы ауыр диагнозы бар балаларға қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Концерттен кейін ата-аналардың көмегімен балалар қолдарына домбыра ұстап, ұлттық аспаппен танысты. Болашақта меценаттардың қолдауымен мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар аталған мерекеге байланысты жастар мен балалардың қатысуымен Қазақстанда дәстүрлі музыкалық шығармалар мен аспаптың өзін дәріптейтін жүздеген іс-шара ұйымдастырылды. Осылайша, жастар ұйымдарының, жастар ресурстық орталықтарының қатысуымен челлендждер өтті. Онда Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісованың күйлері орындалды. Атап айтқанда, бұл күндері домбыра тартатын мыңнан астам жас пен бала жүзден астам
челенджге қатысып, домбыраның даңқын арттырды десе болады.