• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Шілде, 2022

Мемлекетке 265 млн теңге шығын келтірген алаяқтар сотталды

179 рет
көрсетілді

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Амангелді Қуаныш бастаған бір топ тұлғалар мен ұйымдастырушыларға қатысты жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Агенттіктің мәліметінше, Амангелді Қуаныш 2017-2019 жылдар аралығында үш сыбайласымен бірге заңсыз әрекет еткен.

«Ұйымдастырушы мүліктік пайда алу мақсатында салық салынатын айналымды жасанды ұлғайту үшін бақылаудағы тұлғаларға 29 кәсіпорын тіркеді. Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 265 миллион теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді», делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот үкімімен Амангелді Қуаныш, Фуринец Дмитрий, Зинченко Сергей және Амангелді Айдос кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 2 жылдан 2,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.