• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Шілде, 2022

Каспий құбыр консорциумының қызметі 30 тәулікке тоқтатылды

206 рет
көрсетілді

Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«КТК-Р» АҚ қызметін тоқтата тұру бойынша қарсылықтарды жіберу мақсатында істі қарауды кейінге шегеру туралы өтінішті сот қанағаттандырусыз қалдырды. Соттың 2022 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен Ространснадзордың талаптары қанағаттандырылды: «КТК-Р» АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік негізде тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды», деп хабарлады компания.