• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Шілде, 2022

Жапонияның экс-премьері Синдзо Абэ қайтыс болды

141 рет
көрсетілді

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэ қайтыс болды. Әлемдік саясаткер 67 жаста болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 8 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Нара қаласында Синдзо Абэге қастандық жасалған болатын. Абэ көшеде халық алдында сөз сөйлеп тұрған кезінде белгісіз адам оған оқ жаудырған. Синдзо Абэ ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілді.