• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 10 Шілде, 2022

Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры тағайындалды

274 рет
көрсетілді

Павлодар мұнай-химия зауытына бас директор тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМГ сайтына сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының шешіміне сәйкес Қуаныш Ердәулетұлы Бишімов «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры (басқарма төрағасы) болып тағайындалды», делінген хабарламада.

Павлодар мұнай-химия зауытының жаңа басшысын кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры Дмитрий Макеев таныстырды.

Қуаныш Бишімов осы қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметін атқарған.