2022 жылғы 12-15 шілде аралығында Алматы қаласының Медеу ауданында Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы жылу желілері» ЖШС-де аталған көшелердің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілетінін түсіндірді.
«Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.