• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2022

«Қазфосфат» өкілдері кәсіпорында тінту жүргізілгенін жоққа шығарды

569 рет
көрсетілді

«Қазфосфат» ЖШС-ның баспасөз қызметі аталған кәсіпорын басшылығының қамауға алынғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазфосфат» ЖШС басшысы Нұрхан Нұрлановқа қатысты тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Кәсіпорында ешқандай тінту жүргізілген жоқ. Нұрхан Нұрлановқа қатысты ешқандай орган тарапынан ұстау әрекеті болған емес. Тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды», делінген ЖШС хабарламасында.

Еске сала кетсек, кеше Тараз қаласындағы «Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» ЖШС зауытында апат орын алды.

Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС Жамбыл филиалындағы апатқа байланысты жоспардан тыс тексеру жүргілізіп жатқаны хабарланған еді.